Абай облысында жолаушылар қар құрсауынан құтқарылды

Қалбатау ауылынан 15 шақырым жерде 3 жеңіл көлік жолда тұрып қалды.

Құтқарушылар ондағы 5 адамды жақын ауылға аман-есен жеткізді. Сонымен қатар "Алматы-Өскемен" республикалық автожолында көліктен ақау шығып, далада қалған тағы 4 жолаушы құтқарылды. Олар да Қаратау елдімекеніне жеткізілген. Ешқайсысы медициналық көмекті қажет етпеді.