Алматыда әуе рейстері кешігіп жатыр

Алматы әуежайы түннен бері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Оған кеше жауған қалың қар себеп болды. Кешкі сағат  жетіден бастап, тоғыз жарымға дейін ұшып келетін әуе кемелерін қабылдауды тоқтатқан еді. Соған байланысты жүктеме артып, жолаушылар өз рейстерін сағаттап күтуге мәжбүр. Баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа райы тұрақталғаннан кейін  ұшақтарға түгелдей көктайғаққа қарсы өңдеу жұмыстары  жүргізілді.  Жағдай тұрақталып келеді.