Теміртауда төтенше жағдай жарияланды

Орталық су құбырынан ақау шығып, қаланың оң жағалауындағы жер үйлер сусыз қалды.

Құбырдың қысымды аумағы Нұра өзенінің арнасында орналасқандықтан оны жөндеу мүмкін болай отыр. Себебі қазір өзен тасып жатыр. Осыған орай коммуналшылар қаланың бұл бөлігіне уақытша су құбырын тартуды жөн көрді. Жұмыстар бір-екі күнде аяқталуы тиіс. Жағдай қалыпқа келгенше тұрғындарға су тасымалы ұйымдастырылады.

Ораз Тәуірбеков, Теміртау қаласының әкімі:

- Біз қаламыздың оң жағалауындағы тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету қызметін уақытша тоқтатуға мәжбүр болдық. Қажетті қаражатты бөліп, мердігермен бірге ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін қысқа мерзімде тұрақтандыратын боламыз.