Мәжіліс депутаттары Ақтөбе облысының аудандарын аралады

Парламент Мәжілісінің депутаттары Ақтөбе облысындағы су басқан ауылдарға барып, жағдайды көріп қайтты, деп хабарлайды 24KZ.

Қазыбек Әлішев, Мақсат Толықбай және Асқар Садық алдымен Қобдада болды. Ауылда 237 үй су астында қалды. Зардап шеккендер эвакуациялық орталықтарға жеткізіліп, ыстық тамақ және киім-кешекпен қамтылды. Қазір арнайы құрылған комиссия шығын көлемін анықтап жатыр. Темір мен Мұғалжар аудандарында да бірнеше елді мекен су астында қалды. Мәжіліс депутаттары: «зардап шеккен халыққа материалдық көмек көрсетіліп, су тасқынының алдын алу шараларын күшейту жолдары қарастырылады», – деді.