Алматыда дәрігерлер жауапқа тартылды

Алматыдағы мемлекеттік емханалар сапа талаптарын жиі бұзған, деп хабарлайды 24KZ.

Дәлірек айтсақ, емдеу және диагностика стандарттарынан ауытқыған. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарыс күрес агенттігінің  қалалық қызмет басшысы мәлімдеді. Кейбір емдеу мекемелерінің басшылары мемлекеттік сатып алуда тауар мен қызмет түрінің құнын асыра көрсетіп, пайдаға құнықпақ болған. Департамент 2023 жылы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына, Ішкі аудит департаментіне сатып алу бағасын 2 миллиард теңгеден астам сомаға негізсіз көтермелеу фактілері туралы хат жолдаған. Сондай-ақ медициналық қызметкерлерге берілетін мемлекеттік сыйақыны әділ үлестірмеген. Антикор тексерісі нәтижесінде 5 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылды. 

Арман Рахимов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы:

- Құқықбұзушылық мәселелері бойынша бұл – бөлек мәселе. 2 жылдың көлемінде 3 қылмыстық іс тіркелген болатын. Оның ішінде мемлекет қаржысын жымқыру фактілері де бар.