Ауылдарды мобильді интернетпен қамту

Мобильді интернеті жоқ ауылдарға желіні жеткізу бойынша жол картасы қажет.

Депутат Ернұр Бейсенбаев бүгін мәжілісте осы мәселені көтеріп, операторлардың монополиялық қызметіне қарсы шара қолдануға шақырды. Еліміздің шамамен 1,5 мың ауылында мобильді интернет мүлдем жоқ. Ал 902 ауылда тек бір ғана оператор бар. Екі жылда Қазақстандағы ұялы байланыс тарифі орта есеппен 90 процентке өскен. Заң бойынша операторлар байланыс қызметінің тарифтерін өздері қояды. Осылайша, олардың бағаны өздері қалыптастыруына жағдай жасалған. Бұл ретте, операторлар тіпті Бәсекелестікті қорғау агенттігін хабардар етуге де міндетті емес. Тарифтің өсетіні туралы бір ай бұрын хабардар етсе болғаны.

Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Үкімет ұялы байланыс нарығын монополиядан арылту шараларын қолға алуы керек. Ұялы байланыс пен интернет сапасын арттыру, бүкіл өңір мен ауылдық елдімекендерді толық интернетпен қамтамасыз ету шараларын қабылдауы тиіс. Осы ретте, мүлдем мобильді интернеті жоқ 1432 ауылға желіні жеткізу бойынша нақты жол картасын даярлауымыз қажет. Заңнаманы даярлауы тиіс.