Тараздық экс-шенеунікке қосымша айып тағылды

Былтыр 150 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырып, 8 жылға сотталған тараздық шенеуніктің тағы бір қылмысы әшкереленді.

Прокурорлар әкімдіктің бұрынғы бөлім басшысы, мердігермен сыбайлас болғанын дәлелдеді. Салдарынан қазынадан 75 миллион теңге ұрланғаны белгілі болды. Жоба бойынша қаражат облыс орталығындағы аулаларды абаттандыруға, үш каналдың жағалауын қалпына келтіруге жұмсалуы тиіс болған.

Мақсат Жетігенов, қалалық прокуратураның бөлім бастығы:

- Қылмыстық Кодекстің 189 бабы, 4 бөлігі, 2 тармағымен көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы  көзделген.