Жанармай тасымалына бақылау күшейеді

Жанар-жағармайдың жасырын экспортына тосқауыл қою үшін шекарадағы бақылау күйшейтіледі.

Бұл ішкі нарықта отын тапшылығын болдыртпау үшін қажет. Премьер-министрдің бірінші орынбасары арнайы жиын өткізіп, осы мәселені талқылады. Сұйық отын арзан бағада шекара асып кетпеуі үшін бірқатар шара қолға алынбақ. Роман Скляр, шекара маңындағы жанармай станцияларында шетелдік жүк көліктеріне сараланған баға белгілеуді тапсырды.