Е. Нұрпейісов: БҚО жағдай бақылауда

Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов Батыс Қазақстан облысындағы ахуалды әуеден бақылап, өңірдегі су апатының алдын алу жұмыстарын пысықтады.

Белгілі болғандай жағдай қалыпты, қызыл судың қарқыны бақылауда. Қазір Шаған және Орал өзендерінің төменгі бөлігіне құм толтырылған қаптар төселуде. 12 бекетте су деңгейін қадағалау жұмысы тәулік бойы жүргізілуде.