Су тасқыны басталғалы бері 62 мың адам эвакуацияланды

Су тасқыны басталғалы бері азаматтық қорғаныс қызметтерімен 62 мыңға жуық адам эвакуацияланды.

Қауіпсіз жерге көшірілгендердің ішінде 45 кембағал жан бар. Сондай-ақ, уақытша қоныстандыру пунктеріне 13 мыңнан астам орналастырылды. Қазіргі таңда Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстарында 3300-ден аса жеке тұрғын үй, 200 аула аумағы, 1200-ге жуық саяжай су астында қалып отыр.

Қахарман Оразалин, ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы:

- Бүгінгі таңда авариялық жұмыстарына 9 мыңнан астам адам, 2 мың бірлік техника, 500-ге жуық жүзу және су айдау техникалары, төтенше жағдай, қорғаныс министрлігінің 10 әуе кемесі жұмылдырылды. Республикалық маңызы бар су шайған 85 автожол республикалық штабтың бақылауында.