64 мыңға жуық адам эвакуацияланды

Олардың 45-сі мүмкіндігі шектеулі азаматтар болса, 15 мыңы бала.

Уақытша орналастыру пунктеріне 13 мың адам жайғастырылды. Олар бірінші кезекте қажет заттармен қамтылды. Сондай-ақ, су басу қаупі төнген өңірлерден 10 мың бас мал қауіпсіз жерге көшірілді. 96 мың тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, су тасқынына байланысты жедел желіге мыңға жуық адам хабарласқан. Жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланған облыстарда тәулік бойы жедел штаб жұмыс істеп тұр.

Қаһарман Оразалин, ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы: 

- 7 миллион 300 текше метр еріген қар суы сорылды. 921 мыңнан астам қум салынған қап пен тағы сонша интертті материалдар орналастырылды. Авариялық-құтқару жумыстарына 8 мыңнан астам адам, 1756 техника,  415 су сорғызу қондырылғысы тартылған. Қорғаныс министрлігінің 12 әуе кемесі жауынгерлік кзекшілікте жұмыс істеп тұр.