Қостанай облысынан 1800-ден аса адам эвакуацияланды

Қостанай облысының су алған аудандарынан 1800-ден аса тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.

Бұл туралы республикалық ақпараттық штабтың брифингінде облыс әкімінің орынбасары айтты. Қазір аймақтағы Қарасу ауданында өзен суының деңгейі көтерілуде. Осыған байланысты бірқатар елді мекендерді су басу қаупі төнуде.

Арман Әбенов, Қостанай облысы әкімінің орынбасары:

- Қарамырза ауылында 36 үйді су алды. Ресейден су жіберілетін болса, Бейімбет Майлин ауданындағы 5 ауылды су басуы мүмкін. Қазір елдімекендерде қаіптің алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Қаптар мен инертті заттар дайындалған.