БҚО-да 600-ге жуық үйге зақым келді

Батыс қазақстан облысында 600-ге жуық үй тасқын судың астында қалды. 

427 саяжай теліміне зиян келген. Қазір өңірде 70 бағыттағы автожолды су шайып, қалпына келтірілді. 10 елді мекенмен көлік қатынасы тоқталған. Бұл жайлы брифинге Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Руслан Қасыбаев мәлімдеді. Ол апаттық жағдайда нақты ақпаратқа сенуге және байбаламға салынбауға шақырды.