Құлсарыда құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі

Құлсары қаласында су басқан үйінен дер кезінде шыға алмай қалған тұрғындар құтқарылды, деп хабарлайды 24KZ.

Облыс орталығынан келген полицейлер мен Жылыой аудандық полиция бөлімінің Теңіз патрульдік полициясы дамылсыз жұмыс істеп жатыр. Егде жастағылар, балалар мен мүгедек жандарға көмек көрсетілді. Сондай-ақ қорада қалған мал да қауіпсіз жерге шығарылды. Құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі.

Жалпы ауданда 13 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды. Қала жұрты төтенше жағдайлар қызметкерлері мен сарбаздар бөгеттерді бекіту жұмыстарымен айналысып жатыр.

Бүркіт Жайымов, аудандық полиция бөлімі Теңіз патрульдік полициясы бастығының орынбасары:

- Жылыой ауданының аумағында Автожолшылар ықшам ауданында көмек көрсету мақсатында департамент қызметкерлерімен Жылыой аудандық полиция бөлімдерімен адамдар шығарылып жатыр қайықтармен. Қазіргі уақытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бөлінген қызметкерлердің бәрі жұмылдырылып, азаматтарды, жануарларды, бәрі үйлерінен шығарылып, орындарға жеткізіліп жатыр.