Атырау облысында жасанды бөгеттерді жару жұмыстары басталды

Атырау облысында Ұлы Жем өзені арнасын бұру үшін жасанды бөгеттерді жару жұмыстары басталды, деп хабарлайды 24KZ.

Қазір су елді мекендерге қауіп төндірмеуі үшін өзенді бұру өте өзекті мәселе болып отыр. Жауапты мамандар өзен маңында жүріп жатқан жұмыстарды әуеден де, жерден де тексеріп, жағдайды қатаң бақылауға алған.

Қайрат Нұртаев, Атырау облысы әкімінің орынбасары:

- Біздерде қазіргі таңда Құлсары қаласындағы суды азайту мақсатында көптеген шаралар жасалып жатыр. Соның бірі мынау, өздеріңіз білетіндей, Жем өзенінің сағаларын ашып жатырмыз. Кезінде мына жақтағы көптеген шаруашылықтар, адамдар өздерінің суын сақтап қалу мақсатында көптеген кедергілер жасаған. Қазіргі таңда осы Құлсарыда жиналған судың кетуіне кедергі келтіріп тұр. Соған байланысты қазіргі таңда мына арналарды ашу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.