Еліміздегі 17 жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Бірнеше облыста халықаралық және республикалық маңыздағы автомобиль жолдарын су басты, деп хабарлайды 24KZ.

Ақмола, Атырау, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жалпы ұзындығы 4 шақырымға жуықтайтын 10 жол учаскесі су астында қалды. Сондай-ақ аталған аймақтармен қатар Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстары аумағымен өтетін республикалық маңызы бар 17 жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды. Қазіргі таңда жолдарда 297 техника мен 385 адам жұмыс істеп жатыр.