ШҚО-да 2 балықшы құтқарылды

Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны Сібе көліне шығып, балық аулаған, деп хабарлайды 24KZ.

Кейін жағаға жете алмай қалады. Абырой болғанда, жақын маңда жүрген азаматтар көмекке келді. Арқанға шана байлап, екеуін қауіпсіз жерге алып шықты. Құзырлы органдар тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.