Көлік қатынасынан ажыраған 59 елді мекен бақылауда

Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында 3700-ден аса жеке тұрғын үй, 5 мыңнан аса аула аумағы және 1824 саяжай су астында қалып отыр.

133 автожол бөлігі мен 4 көпірді қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасуда. Көлік қатынасынан ажыраған 59 елді мекен жедел штабтың бақылауында. Бұл жайында Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Қахарман Оразалин мәлімдеді.

Қахарман Оразалин - ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы:

- Бірлескен күштермен 7,6 млн-нан астам текше метр еріген қар суы сорылды. 986 мың қапшық және 982 мың инертті материал төселді. Тәулік бойы авариялық құтқару жұмыстарына 17377 адам, 2020 техника, 440 су сорғыш және 90 жүзу құралдары сондай-ақ 15 әуе кемелері жұмылдырылды. Жедел телефондарға 1047 қоңырау түсті. Республикалық жедел штабтар тәулік бойы жұмыс атқаруда.