Ақмола облысының 25 елді мекенін су басуға жол берілмеді

Ақмола облысының 5 аумағында, атап айтқанда, Степногорск қаласы, Біржан сал, Ақкөл, Ерейментау және Егіндікөл аудандарында жағдай тұрақталды.

Мұны Ақмола облысы әкімдігі жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы айтты. Марат Оспановтың сөзінше, тасқынға қарсы жедел шаралар қабылданып, аймақтың 25 елді мекенін су басуға жол берілмеді. 5 мыңнан астам тұрғын мен 18 мыңнан аса мал уақытылы эвакуацияланды.

Марат Оспанов, Ақмола облысы әкімдігі жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы:

- Су тасқынына қарсы жұмыстарға 2,5 мың маман тартылды. Мыңнан астам техника, мотопомпа және жүзу құралдары бар. Апаттан қорғау үшін елді мекендер ұзындығы 32 шақырым бөгетпен қоршалды.