Астана қаласын су басу қаупі жоқ

Оның алдын алу үшін Ақмола облысы мен Астана қаласы әкімдіктері және Төтенше жағдайлар министрлігі тарапынан тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация вице-министрі айтты. Нұрлан Алдамжаровтың сөзінше, елордадағы су реттегіште судың ағуы – секундына 30 текше метр. Енді оның қабілетін секундына 40 текше метрге арттыру көзделіп отыр. Қазір контрреттегіштің жағдайы тұрақты және ол үнемі бақылауда.

Нұрлан Алдамжаров, ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі:

- Астана су реттегішінде 144 миллион су көлемі бар. Жалпы оның жобалық көлемі сыйымдылығы 450 миллион кубты құрайды. Бұл су реттегішке негізінен су Есіл өзені бойынша Астана су қоймасына келеді. Тасып жатқан суды біз осы бүгін 40 кубқа дейін көбейтуді жоспарлап отырмыз. Бұл жерде енді Астана қаласына тасу қаупі жоқ. Әкімдік тарапынан тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.