Зардап шеккендерге өтемеқы беріле бастады

Ақтөбеде топан судың зардабын бағалау жұмыстары жалғасып жатыр.

Арнайы құрылған комиссия облыс орталығындағы бүлінген үйлерді аралап жүр. Шығынға батқан тұрғындар жергілікті атқарушы билікке арыз жолдай алады. Өтініштерді облыс орталығындағы Астана және Алматы аудандарының әкімдігі қабылдайды. Өңірдегі соңғы жаңалықтарды Мансұр Есқожин жеткізуге дайын.

Комиссия су тасқынынан қираған, зақымданған үйлерді, бүлінген мүлікті тізіп шығуы тиіс. Бұған дейін олар Ақтөбенің Астана ауданын аралап шыққан. Мұнда 26 үй және 13 саяжайға су кірген.

Менің қасымда қазір аудан әкімінің орынбасары Жақсат Төлегенов тұр.

- Жақсат Сәндібайұлы, су кірген үйдің бәрін бірдей тізімге енгізіп үлгердіңіздер ме?

- Комиссия тізіміне енгеннен соң топан судан зардап шеккен тұрғындар одан әрі қарай не істеу керек?

- Дербес бағалаушы компания өкілдерінің қызметі 100 мың теңге деген ақпарат бар. Бұл сома баспанасын су басып, мал-мүлкінсіз қалған жандарға тым қымбат емес пе?

Жақсат Төлегенов, Астана ауданы әкімінің орынбасары:

- Сұхбатыңызға рахмет.

Бұдан бөлік облыста табиғи апаттан зардап шеккен отбасыларына біржолғы әлеуметтік төлем де беріліп жатыр.

Бүгінге дейін Ақтөбе тұрғындарынан 276 өтініш түскен. 181 адамға қаржы аударылып жіберді. Кешке дейін тағы 120 адамның жеке шотына аударылуы тиіс.

Жергілікті бюджет есебінен беріліп жатқан әлеуметтік көмек алуға аудан тұрғындарының да мүмкіндігі бар. Қазір 346 адамнан өтініш түскен.

Мансұр Есқожин, 24.KZ, Ақтөбе облысы