Университетте эвакуациялық пункт ашылды

Университетте эвакуациялық пункт ашылды

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге белсенді қатысуда.

Университет қызметкерлері мен студенттер демалыс күндерін оқиға орындарындағы еріктілер қатарында өткізді.

Еліміз үшін қиын уақытта М. Өтемісов атындағы БҚУ шетте қалмайды. Біздің барлық күш-жігеріміз су тасқынынан зардап шеккен адамдарға көмектесуге бағытталған. Біз университеттің барлық ресурстарын осы жағдайдан аман шығуға жұмылдырдық – дейді басқарма төрағасы-университет ректоры, профессор Нұрлан Серғалиев.

М. Өтемісов атындағы БҚУ Басқарма төрағасы - ректорының бұйрығымен жатақханалардың бірі қазірде көп балалы отбасылар мен мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, 300 адамға көмек көрсетілетін эвакуациялық пункт ретінде жұмыс істейді. Нысанда тәулік бойы кезекшілік атқарылып, тұрғындар күніне үш рет ыстық тамақпен, сондай-ақ жуғыш және гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілуде.

Университет қызметкерлері мен студенттері еріктілер жұмысына белсенді қатысады. Олар адамдарды эвакуациялауға, гуманитарлық көмекті түсіруге, уақытша орналастыру пункттерін ұйымдастыруға және т. б. көмектеседі. Сонымен қатар қиын жағдайға тап болған университет қызметкерлері мен студенттеріне университет жатақханаларыннан бөлмелер берілді.

Қызметкерлер мен студенттер еріктілер жұмысына белсенді қатысып, адамдарды эвакуациялауға, гуманитарлық көмекті түсіруге және уақытша бекеттерді орналастыруға көмек көрсетеді.

Біз көптеген адамдардың көмекке мұқтаж екенін көріп отырмыз және оларға көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайынбыз. Біз біреудің қайғысына бей-жай қарай алмаймыз, - дейді студенттер.

Қызметкерлердің бастамасымен университет гуманитарлық көмек жинауды да ұйымдастырды.