Шымкентте Асар-2 шағын ауданына сапалы электр энергиясы қосылды

Тарату бекетіне керекті жабдықтар түгел орнатылды.

Бұған дейін тұрғын алабындағы мыңнан аса абонент жарықты жеке меншік желі арқылы тұтынып келді. 

Асар-2 шағын ауданына электр энергиясын тартудың екінші кезеңі аяқталды. Белгілінген жұмыстар мерзімінен бұрын тапсырылды. Бағаналар орнатылып, жарық желісі толық жаңартылды. Бұған қоса қосалқы электр тарату стансасы салынды.

Ғабит Сыздықбеков, қала әкімі:

- Жеке компанияларға қосылып келген үйлердің бәрі енді мемлекеттік компанияларға көшеді. Құтты болсын!

«Электр қуаты жеке трансформатордан үйден-үйге тарағандықтан желіден жиі ақау шығатын», - дейді тұрғындар. Одан қалды тариф екі есе көп есептелген.

Тұрдалы Шынасылов, Асар-2 шағын ауданының тұрғыны:

- Кешегі күндерде 40 теңгеден Кв төлеп отырдық. Ол өте қымбат. Енді міне қуаныштымыз. Құдай қаласа Үкіметтің сапалы электр жарығы келіп отыр.

Асар-2 шағын ауданын жарықпен қамту  былтыр басталған. Бұл мақсатқа 1 млрд 110 млн теңге жұмсалды. Ұзындығы 105 шақырым болатын электр желісі тартылып, 11 трансформатор орнатылды. Осылайша тұрғын үй секторынан бөлек, әлеуметтік нысандар да электр қуатымен қамтылды. 

Жандарбек Әбдуәлиев, мердігер мекеме өкілі:

- Асар-2 бас жағында Достық мкр жақта 110/35 үлкен подстанция бар 1М1. Сол подстанциядан осы жақа келеді. Осы жерден ауылға тарайды.

Былтыр мегаполиске қосылған 4 шағын аудан жеке трансформаторлардан ажыратылып, сапалы жарықпен қамтылды. Биыл осындай жұмыстар Ақжар және Тұран тұрғын алабында жүзеге асырылады.

Авторлары: Нұрсұлтан Мұхамеджан, Самат Нағашбекұлы, Нұрмахан Бекмұратов