Су тасқыны: өңірлерде отын қоры дайындалды

Су тасқынына байланысты өңірлерде 3,4 мың тонна бензин, 7,3 мың тонна дизель отыны, 45 мың тоннаға жуық авиаотын дайындалды.

Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді. Қазіргі уақытта тасқын зардабын жою үшін жұмылдырылған құрылымдар жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етіледі. Еліміздің 20 өңірінде 111 бензин тасымалдаушы іске қосылды. Қажет болған жағдайда сұйық отынды таситын көліктердің саны арттырылады. Қорғаныс министрлігі үшін қосымша  97 мың литр авиаотын берілді. Сондай-ақ Атырау облысы әкімдігіне 171 мың литр дизель және 24 мың литр бензин бөлінді.