Енді отбасылық жанжал шығарғандар заңмен жазаланады

Әйелдерге немесе балаларға дене жарақатын келтіргендер қылмыстық жауапкершілік аясында жазаға тартылады.

Жағдай қайталанса, сот жәбірлеушіге қатысты шараны күшейтеді. Бүгінде жеке азаматтар мен қоғамдық және құқық қорғау ұйымдарының атынан Парламентке әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігі бойынша заңның қабылдануын қолдайтын 5 мыңнан астам өтініш түскен. Депутат Елнұр Бейсенбаев елімізде отбасылық зорлық-зомбылық мәселесі бар екенін Мемлекет басшысы 2022 жылғы Жолдауында атап өткенін және сол тапсырма аясында жаңа заң әзірленіп, Сенатқа жолданғанын айтты. Бұған дейін елімізде әйелдердің құқығы мен балаларды қорғауға қатысты мәселелер заңнамада нақты көрініс таппай келді.

Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Ол жерде тек қана жәбірленушінің ақпаратымен емес, сонымен қатар көршілері болмаса нақты фактілер болатын болса, бірден сотқа материал жіберіледі. Сонымен қатар агрессормен психологиялық көмек міндеттелетін болады, онымен 1 жылдың көлемінде жасалады. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық бойынша соңғы жылдары, білесіз, педофилия мәселесі өте қатты қарқын алып кетті. Педофилдерді осымен қарай альтернативсіз форматта оларды мәңгі бақи бас бостандығынан айырылатын болады. Бұл – өте маңызды нормалардың бірі.