Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы ұсталды

Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы жемқорлыққа жол берді, деп хабарлайды 24KZ.

Ол шағын және орта бизнес өкілдерінен пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Күдікті өз кінәсін толық мойындаған. Енді басқа тұлғалардың да іске қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Ресми өкілдің мәлімдеуінше, тергеу соты күдіктіні үй қамағына алуға санкция берді.