СҚО-да әскерилер бөгет тұрғызды

Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев су қоймасындағы су көлемі әдеттегіден 160%-ке көп, деп хабарлайды 24KZ.

Қазіргі сәтте ондағы жиналған судың биіктігі 3,5 метрден асқан. Өңірдің 8 ауданында жағдай әлі де күрделі. Көптеген ауылдарды су басу қаупі бар. 50 жолды су шайып кетті. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен полицейлер су басқан аудандардағы қауіпсіздікті бақылауда. Курсанттар облыста 8 мың қаптан бөгет тұрғызды.

Жалпы су тасқынынан зардап шеккен және су басуы мүмкін елді мекендерде 1,5 мыңнан астам Ұлттық ұлан жауынгері қызмет етіп жүр.