Скляр: Ауызсу сапасын ұдайы бақылау керек

Солтүстік Қазақстан облысының Кожевенный және Заречный кенттеріндегі бөгеттердің құрылысы аяқталды.

Өңірде жүрген бірінші вице-премьер Роман Скляр Тепличное, Прибрежное ауылдарындағы және Ущев көшесі бойындағы арықтарды дайындау жұмыстарын тексерді.

Тағы Петропавл қаласын ауызсумен қамтамасыз етіп отырған маңызды стратегиялық нысанға тиесілі сорғы станциясы бөгеттерінің қорғаныс қабілетін көрді. Ондағы сорғы станциясының биіктігі 1,5 метр болатын ұзындығы 450 метрге тең бөгетпен қорғалған.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары сондай-ақ, ауызсу сапасын бақылауды күшейту туралы тапсырма берді. Арнайы зертхана 2 сағат сайын судың сапасын тексеріп, зерттеу жұмыстары арқылы есеп беріп отырады.