Қатердің бетін қайтару жұмыстары

Қар еріп, қарғын судың молаюына байланысты Астана маңындағы Жібек Жолы ауылын су басу қаупі артты.

Есілдің арнасынан тасып бара жатқанын байқаған сәтте жергілікті аудан әкімдігі төтенше жағдай қызметімен бірлесе, қауіптің бетін қайтару қамына кіріскен. Мұнда соңғы төрт күннен бері суды бөгеу жұмыстары қауырт жүріп жатыр. Бүгінде 10 мың тоннадан астам иннертті материал жеткізілді. Сонымен қатар, Астанадағы ұйымдар науқаннан шет қалмай техника мен жұмыс күшін тартты. Әскерилер мен төтенше жағдай қызметшілері топырақ салынған қапшықтардан бөгенді биіктетіп жатыр. Олар 50-ден аса техниканың көмегіне жүгінген. Сондай-ақ, ауыл белсенділері мен волонтер жастар қапшықтарды жылдамдатып иннертті материалмен толтырып, болысып жатыр. Тәулік бойы дамылсыз қимылдаған жандар үшін ауыл белсенділері ыстық ас-суды ұйымдастырған. Науқанға 200-ге жуық адам жұмылған.

Алтынбек Байсалбаев, Жібек жолы ауылының тұрғыны:

- Қазір техникалар бәрі жүріп жатыр. Ана отвалдың қасына вообще бара алмадық жаяу. Техника батып, әйтеуір акимат бар, бәрі бар, ТЖМ келіп, солдаттар келіп, ЕНУ, Евразийский студенттері кеше сағат 11:00-ден бастап, менімен бірге таңғы алтыда кетті. Екі рет тамақ ішті осында келмей. Осы жерден жиналды да Петрпавлосвкіге кетеміз деді. Сондай жағдай.

Ақмарал, Жалтыркөл ауылының тұрғыны:

- Сонымен қоса, жан-жақтағы ауылдардан Қызылсуат, Нұрлы жол вокзалының қызметкерлері бар, барлығы кеп бізге көмек көрсетіп жатыр. Бәріне ризамыз! Көмектесіп жатқан кісілерге тамақтарымызды дайындап, дастарханларымызды дайындап жатырмыз. Ал көмектесіп келіп жатқан кісілерге басымызды иіп, үлкен разметімізді айтамыз!