Атбасардағы Жабай өзенінің деңгейі төмендеді

Атбасардағы Жабай өзенінің деңгейі 20 саниметрге төмендеді.

Бұл туралы облыс әкімі Марат Ахметжанов айтты.

Абзал Балтабаев, тілші:

- Иә, жергілікті билік өкілдері мен төтенше жағдай қызметінің мәліметінше, өзендегі су деңгейі төмендеген. Бірақ, еркінсуге ертерек. Енді ақпарат сағат сайын өзгеруде. Соңғы деректер бойынша 100 ден астам үй мен бір мектепті су басқан. Қарғын судын қарқыны қатты. Сондықтан әлі 200 үй мен 2 мектепке қауіп төндіріп отыр.

Марат Ахметжанов, облыс әкімі:

- Қазір енді ақырын су өз арнасына қайтып жатқан жәйіттер бар. Барлығын бақылап отырмыз. Бірақ әлі қауіп бар. Сондықтан үлкен күшті жұмылдырып, тиісті жұмыстарды атқарып жатырмыз.

Жалпы осы уақытқа дейін су астында қалған үйлерде 111 адам құтқарылды. Оның ішінде 20-дан астамы бала. Олар осы аудан орталығындағы эвакуациялық 6 пунктке орналастырылды.