Жетісу облысында 6 мың ағаш көшеті отырғызылды

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 6 мыңнан аса ағаш көшеті отырғызылды.

Соның бір мыңы Талдықорған қаласында егілді. Көгалдандыру жұмыстарына шахар жастары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері және кәсіпорын ұжымдары мен зейнеткерлер де қатысып жатыр. Олар жаңадан бой көтерген ықшам аудандарды абаттандырып, жасыл желекпен көмкеруге өз үлесін қосуда. Ал коммуналдық мекемелер арық-атыздарды тазалауға кірісті. Мамандардың айтуынша бүгінгі күнге дейін облыстағы елді мекендерден үш мың тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарылған. 

Фая Кемалова, қала тұрғыны:

- Бар қалаларда болдым біздің Талдықорған қаласына жететін қала жоқ. Ауасы қандай, суы да бар, тауы да бар. Керемет жап жасыл. Талдықорғанымыз өсіп өркендеп көгере берсін деп қатысып жатырмыз.

Сәкен Баясыл, облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бөлім басшысы

- Облыс аймағында 115 мыңға жуық ағаш егу көзделіп отыр. Соның 6 мыңы егілді. Сонымен қатар аудандарда фасадтарды әрлеу, бояу және арық желілерін тазалау жұмыстары жүргізілуде.