Қарағанды тұрғындары сенбілікке шықты

Қарағандыда апта басынан бері 1,5 мың тонна күл-қоқыс шығарылды. 

Экологиялық акцияға қатысушылар саны күн санап артып келеді.

Бүгінгі экологиялық шараға Бәрімбек Бейсенов атындағы академияның 200-ге жуық курсанты да атсалысты. Олар бірнеше топқа бөлініп қаланың оңтүстік-шығыс аумағындағы қоқысты жинады.

Әли Бауыржан, академия курсанты:

- Өзіміз оқып жатқан қаланың тазалығы, экологиясы өзіміз үшін керек. Ең бірінші адам өзінен бастау керек деп ойлаймын тазалықты. Қоқысты жерге тастамай, тазалық сақтаса экологиямыз құртылмайды деген ойдамын.

Сенбілікке 150-ге шақты мемлекеттік қызметші қатысты. Олар көшелер мен қоғамдық орындардың ауласын тазалады. Студенттер мен оқытушылар, дәрігерлер мен кәсіпкерлер де шарадан тыс қалмады

Дәулет Маханов, Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары:

- Даладағы қоқыстарды жинап жатыр. Біз қолғаптар, қаптар берудеміз. Автобус бөлдік. Сенбілік жұмыстары бізде 2 ай. Бірінші қоқыстарды жинасақ, кейін ағаш егіу, көгалдандыру жұмыстарын істейміз.

«Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде қаладан небәрі 10 күн ішінде полигонға 1,5 мың тонна қоқыс шығарылды. 155 техника тартылып, коммуналдық саланың 200 жұмыскері шаһар тазалығына жұмылдырылды. Ал 13 сәуірде жаппай негізгі сенбілік өтеді. Оған 15 мыңнан астам адам қатысады деп жоспарланған.

Авторлары: Руслан Нұрланұлы, Сайлау Игіліков, Зарина Зұлпықар