Алматы облысы экологиялық акцияға 60 мыңға жуық адам қатысады

«Таза Қазақстан» акциясы аясында өтіп жатқан экологиялық шараларға Алматы облысы бойынша 60 мыңға жуық адам қатысады.

Оған өңірдегі барлық кәсіпорын мен әлеуметтік нысан қызметкерлері жұмылдырылады. Облыста 12 мың зауыт-фабрика болса, соның 100 шақтысы ірі кәсіпорын. Олар бүгіннен бастап өздеріне бекітілген аумақты қоқыстан тазартуға кірісті. Облыс орталығындағы көшелер мен шағын аудандарға ағаш көшеттерін отырғызып, қаланы абаттандыруға да қызу атсалысып жатыр. «Таза Қазақстан» акциясы бойынша Алматы облысында биыл 16 мың түп ағаш егілді.

Мәдина Жолжанова, кәсіпорын жұмысшысы:

- Жан-жағымызда қанша қоқыс қалдықтарының жатқанын жүріп жинағанда ғана көресің. Былай байқалмайтын сияқты болады. Барлықтарыңызды үлес қосуға шақырамын барлық кәсіпкерлерді осы Алматы облысында орналасқан. Осы біздің жеріміздің тазалығына байланысты әр адам, әр кәсіпкер, барлығы үлес қосуы керек деп ойлаймын.