БҚО-да сібір жарасы анықталған жоқ

Батыс Қазақстанда сібір жарасынан өлген мал өлексесі көмілген 3 ошақ су астында қалды.

Мамандар осы учаскеден топырақ сынамасын алып, Ұлттық ветеринариялық орталыққа жеткізді. Алайда сібір жарасының белгілері анықталған жоқ. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мал өлекселерін жою жұмыстарының барысын тексеріп, эпизоотиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеуді тапсырды. Ведомство басшысы мал иелері жергілікті жердегі шығынды өтеу комиссияларына жүгініп, малдың жоғалуын құжаттандыру арқылы өтемақы алуға болады деді.