Тасқынмен күрес жұмыстары. Графика

Өңірлерде тасқын салдарын жою, апаттық-құтқару жұмыстары, еріген қар суын бұру мен инертті материалдар салынған қаптарды төсеу жұмыстыры жалғасып жатыр.

Каналдар мен арық жүйелерінің жағалауларын нығайту мен халықты қауіпсіздік шаралары жөнінде құлақтандыру да белсенді жүргізілуде. Тасқын басталғалы  98 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның ішінде 33 мыңға жуығы бала. Су басқан аймақтарда 2 750 тұрғын үй мен 1 899 аула аумағынан су бұрылды. Ақмола облысы Қорғалжың, Атбасар, Бұланды, Сандықтау және Целиноград аудандарында Нұра, Жабай, Есіл, Жыланды, Қайрақты өзендерінде  мұз жару жұмыстары жүргізілді. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл, Есіл, Қызылжар, Жамбыл және Шал ақын аудандарындағы су басқан аумақтардан еріген қар суын бұру жұмыстары жалғасып жатыр. Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Соловьево ауылынан 31 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл жерде Березовка өзенінің деңгейі көтерілген. Суды бұру жұмыстары жүргізілуде.