Қоқыс сақтағаны үшін айыппұл арқалады

Өскемендегі тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін кәсіпорынға 6 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынды.

Кәсіпкерлер қайта өңдеуге жатпайтын қалдықтарды жинап, сақтаған. Полиэтилен, пластиктер мен автокөлік дөңгелектерін жерге көміп тастаған.

Коммуналдық мекеменің іс-әрекетін облыстық Экология департаментінің инспекторлары әшкереледі. Алайда полигонның иесі айыпұл көлеміне келіспей отыр. Қаладағы қоқыс полигоны бірнеше жылдан бері толып тұр. Арнайы алаңға күніне 100 тоннаға дейін қоқыс төгіледі.

Диляра Жанчуринова, ШҚО бойынша бас экологиялық инспектор:

- Әр кәсіпорынға экологиялық рұқсат беріледі. Қоқысты көмудің бекітілген лимиті бар. Аталған мекеме белгіленген нормадан асып, заңды белден басты.