Қостанай облысында зардап шеккендерге ₸ 166 млн төленді

Қостанай облысында 153 үйді қалпына келтіруге өтемақы беріледі.

Залал сомасы бағалау жүргізілгеннен кейін төленбек. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спанов мәлімдеді. Өңірде су тасқынынан зардап шеккен төрт түлікке қатысты да жұмыстар жүргізіледі. Ветеринариялық қызметтің мәліметінше, аймақта қызыл судан мыңға жуық мал қырылған. Соның «214 басы бойынша есеп дайын, төлем басталды», – деп хабарлады әкімдік өкілдері. Сондай-ақ тасқыннан зардап шеккендерге біржолғы төлемдер беріле бастады.

Ерлан Спанов, Қостанай облысы әкімінің орынбасары:

- Зардап шеккен халыққа әлеуметтік қолдау жұмыстары су тасқынының алғашқы күндерінен бастап жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда біржолғы төлемге 1345 өтініш түсті. 715 өтініш бойынша 166 млн теңге төленді, өтініштерді қабылдау және төлеу жұмыстары жалғасып жатыр.