СҚО-да әлеуметтік көмек алуға құжат қабылдау басталды

Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі тасқыннан зардап шеккендерге 100 және 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек беріледі.

Қазір құжат қабылдау басталды. Өтініш екі күннің ішінде қаралып, төлем аудыралуы тиіс. Тұрғындарды алаңдатып отырған ендігі мәселе – өтемақы. Петропавлға келген Парламент Сенатының депутаты Әсем Рахметова: «комиссия құрамына жергілікті тұрғындарды да кіргізу керек», – деп санайды. Оның айтуынша, бұл жұмыстың ашықтығын қамтамасыз етеді.

Әсем Рахметова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Үйлеріне су кіріп жатқан тұрғындарды дәл қалай төлемақының жасалатынын, қалай есептелетінін, оны кім есептейтінін, соны алаңдатып жатыр. Сондықтан да біз енді өз тарапымыздан осы комиссиялардың құрамына жергілікті халық та кірсе екен, олар да өздерінің жайларын түсіндіріп, толық көрсете алатындай жағдай жасалса деген ойымыз бар.