Ақтөбе облысында мектептер қалыпты режимде жұмыс істейді

Ақтөбе облысында уақытша эвакуациялық пункт орналасқан мектептерде, оқу процесі қайта жанданады.

Тасқыннан зардап шеккендер, колледжер жатақханасына көшеді. Бұған дейін мектеп оқушылары онлайн форматта оқыды. Әзірге Ырғыз ауданындағы 3 мектеп, қашықтан оқытуды жалғастырады. Себебі Мамыр мен Нұра ауылына қауіп төніп, тұрғындары Ырғыз ауылына көшірілді. Ал Ойылдың Екпетал мен Қаратал ауылының балалары аудан орталығында білім алып жатыр. Биылғы түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуге тыңғылықты дайындалуы үшін Ақтөбедегі дарынды балаларға арналған мектеп-интернатқа жайғастырылды. Бұған дейін Оқу ағарту министрлігі, төтенше жағдай жарияланған облыстарда, тоқсандық жиынтық бағалау емтихандары болмайтынын хабарлады.

Гүлжан Құлыбек, облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы:

- Ақтөбе қаласындағы 15 пунктті босату жұмыстары жүргізіледі осы сенбі-жексенбі күндері. Дезинфекция жұмыстары аяқталғаннан кейін олардың барлығы да оқу процесі штаттық түрде жүзеге асырылады. Бірінші күннен бастап қайтадан оқушыларға білім берілетін болады.