Ақтөбеде қоғамдық орындар тазартылып жатыр

Ақтөбеде тазалық шарасы екі айға созылады.

Осыған сәйкес полигондар - қала мен елді мекендерден жиналған күл-қоқысты тегін қабылдайды. Сонымен бірге тал егу, абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Ал жер кепкенде тозығы жеткен жолдар жөнделеді.

Лара Сатығалиева, облыс әкімдігі аппаратының бас маманы:

- Айналамызды, қаламызды, өзіміздің ауламызды таза ұстасақ ол үлкен өзіміздің жауапкершілігіміз және міндетіміз деп білемін. Біздің істеп жатқан игі ісіміз кейінгі ұрпаққа үлгі болады деп есептеймін.