Қызылордада тарихи ескерткіштер маңайы гүлзарға айналады

Республикалық «Таза Қазақстан» науқанында қызылордалықтар көркемсурет галереясы маңайын қоқыс, қураған шөптен тазалап шықты.

Театр, филармония, музей қызметкерлері 200-дей көшет егіп, саябақтағы ағаш қорының молаюына үлес қосты. Тазару мен жаңару акциясы аясында өнер ұжымдары «Киелі мекен» апталығын жариялады. Шығармашыл жандар өңірдегі 250-ден астам ескерткіш, кесене, мемориалдық кешен айналасын, жасыл желекке айналдыруды көздеп отыр.

Хұсейін Әмір-Темір ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

- Мәдениет пен өнердің кісілері тазалыққа, жақсылықққа, ізгі ниетке жақын болады ғой. Табиғаттың арасында жүріп, шабыттанып, өз еңбегіңді, өнеріңді жасаудың өзі үлкен биіктік деп ойлаймын. Өзіміз өсірген ағаштар бізге қуаныш, бақыт, әдемілік, эстетика сыйлайды. Содан шабыттанып шығармаларымызды жасайтын боламыз.

Үміт Медеуова ҚР мәдениет қайраткері:

- Еліміз таза болса жанымызда, денімізде сау болады. Атадан мал қалғанша тал қалсын дейді ғой. Сондықтан қуана-қуана кірістік бұл жұмысқа. Көркейген елде біздің де әніміз шарықтай беретіні сөзсіз. Сондықтан да көркейген елде, тамаша ауада біздің де әніміз халыққа жетеді деп ойлаймын.