Қарағандыда 25 мың адам сенбілікке шықты

Қарағандыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпы қалалық сенбілікке 25 мыңдай адам шықты.

Олар шаһардың орталығын ғана емес, шеткі көшелерін де қоқыстан тазартты. Экологиялық ауқымды шара басталғалы қаладан 1,5 мың тонна күл-қоқыс полигонға төгілді. Сенбілікке шыққан жұртшылыққа коммуналдық саланың 150-ден астам техникасы мен 200 жұмыскері көмектесті.

Рахат Райымбеков, қала тұрғыны:

- Осы сенбілікке біздің қаламыздың жастары, волонтерлері атсалысып жатыр. Қоқыс өте көп. Біз оның барлығын жинап полигонға апарамыз. Әркім өзінен бастаса, өзінің тұрып жатқан жерін тазаласа біздің қаламыздың экологиясы да жақсы болушы еді.