Өңірлер әлеуметтік азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз етіліп жатыр

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлер әлеуметтік азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз етіліп жатыр.

Ел бойынша бір аптада азық-түліктің орташа бағасы 0,1%-ке төмендеді. Бұл ретте өңірлік тұрақтандыру қорлары маңызды рөл атқарды. Ақтөбе облысынан оралған вице-премьер Серік Жұманғарин өңірлердегі, әсіресе су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы әлеуметтік тауарлардың бағасы мен қолжетімділік жағдайы бойынша кеңес өткізді.