Шымкенттен СҚО-ға отыз тоннадан астам көмек жіберілді

Шымкенттен Солтүстік Қазақстан облысына 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жариялаған «Жүректен жүрекке» акциясы аясында жиналған жылудың құны 10 млн теңгеге жуық. Азық-түлік пен киім-кешектен бөлек су басқан өңірлер үшін аса қажет үрлемелі қайық, резеңке етік, күрек, қолғап секілді заттар бар. Айта кету керек, бұл Шымкенттіктер жинаған көмектің 4-легі. Осыған дейін құны 40 млн теңгеден асатын 60 тонна зат еліміздің батыс өңіріне жіберілген болатын.  

Тахирбек Нышанбаев, өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы:

- Апат айтып келмейді. Осындай қиын-қыстау жағдайда біз әрине қарап тұрмауымыз керек. Қолдан келгенше көмек беріп жатырмыз. Керек болса тағы әрі қарай да көмек береміз. Керек заттар ол резиновый сопаги, фанарики, техника, эксковатор заттары, қапшықтар керек боп жатыр. осындай заттармен көмек берулеріңізді сұранамыз.