ШҚО-да таулы өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін

Шығыс Қазақстан облысында сәуірдің ортасынан бастап таулы өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Бұқтырма, Үлбі, Уба, Тұрғысын, Күршім, Қалжыр және Хамир өзендерінде қар жамылғысы қалың.  Күн жылып, түнде жауын-шашын жауы ықтимал. Сондықтан су тасқыны қауіпі сақталады, дейді мамандар. Көптеген ауданда су мөлшері нормадан 1,5-2 есе жоғары.

Аяулым Кекиева, облыстық ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының аға инженері:

- Су тасқыны жағдайын бақылау үшін тұрақты түрде аэровизуалдық тексерулер жүргізіледі. 132 гидротехникалық құрылыс штаттық режимде жұмыс істеуде. Бөгеттерде судың деңгейі алдын ала төмендетілген. Облыс аумағында  жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеуде. Жалпы су тасқыны жағдайы тұрақты және бақылауға алынған.