Астана-Дубай әуе рейстері кейінге шегерілуі мүмкін

Бұл туралы Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.

Кестені өзгертуге Біріккін Араб Әмірліктеріндегі қатты нөсер себеп. Мән-жайды толық білу үшін әуекомпания өкілдеріне немесе әуекомпанияның байланыс орталықтарына хабарласу қажет. Айта кетейік, Дубайда кешелі бері нөсер күшейді. Көшелерді су басып, сабақ онлайн форматқа ауысты. Мемлекеттік қызметкерлерге де қашықтан жұмыс істеуге кеңес берілген. Алдын ала жоспарланған футбол ойындары шегерілді. Ал мамандар жаңбыр әлі басылмайтынын айтады. Осы Біріккен Араб Әмірліктерімен көршілес Оманда ДА нөсер соңы тасқынға ұласып, 20-ға жуық адам опат болды.