Алматыдан Оралға гуманитарлық көмек жеткізілді. LIVE

Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай жарияланғалы 700 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналған.

Соның бір бөлігі Алматыдан келді. Өңірдегі еріктілер заттарды қабылдап, сұрыптап жатыр. 

Қазір Оралдағы гуманитарлық көмек қабылдайтын негізгі орындардың біріндеміз. Алматылық ағайындар шамамен 15 тоннадай көмек жіберген. Осы орайда заттарды жеткізген көлік жүргізушісінен алдын ала сұхбат жазып едік.

Рушен Рустем, жүргізуші:

- Жол алыс болды. 3 күн жүрдік. Гуманитарлық көмекті тездетіп жеткізуге асықтық. Мұнда киім, азық-түлік, гигиеналық заттар мен балаларға арналған арналған заттар бар.

Мерей Қанапия, тілші:

- Өзге өңірлерден келетін көмекті көбінесе ассамблея жастары қабылдайды. Олардың өзі осыған дейін жалпы суммасы 238 миллион теңге шамасында 110 тонна гуманитарлық көмек қабылдаған. Соның 45 тоннасы су тасқынынан зардап шеккен аудандарға жіберілген. Мысалы Сырым ауданына 5 рет, Қаратөбе мен Бөрлі аудандарына 6 рет, Теректіге 1, Бәйтерек ауданына 4 рет жөнелтілген. Қазір жанымда осыған жауапты Азамат Саханов тұр. Азамат тағы қай өңірлерден көмек келді?

Айта кетейік, көмекті облыстан бөлек қала маңындағы үйі суға кеткендер де ала алады. Ол үшін жеке құжаттарын өздерімен алып жүру керек. Себебі еріктілердің қолында үйі суға кеткендердің толық тізімі бар.