Қызылорда іргесіндегі ауылда дәрігерлік амбулатория ашылды

Қызылорда іргесіндегі Баймұрат батыр ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілді, деп хабарлайды 24KZ.

Денсаулық сақтау нысаны «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынды. Тиісті талаптарға сай бой көтерген ғимаратта күндізгі стационар, физиотерапия, ем-шара және екпе бөлмелері толық жабдықталған. Бір ауысымда 25 адам дәрігердің қарауында болып, ем алады. Ауылдық округтың 2 мыңнан астам тұрғынынан бөлек, жақын жердегі Талдыарал мен Лесхоз елді мекеніндегі ағайын да дәрігер іздеп, облыс орталығына сабылмайды.

Жалпы былтыр өңірде осындай 15 ауылда дәрігерлік амбулатория жаңадан ашылған

Темірбек Қазымбеков, Баймұрат батыр ауылының тұрғыны:

- Бұрын ескі ғимарат екіқабатты, содан халық ем алатын еді. Үлкендер екінші қабатқа көтеріле алмайтын. Ішін жылыта алмайтын. Өте қиын жағдайда болған. Ауылдың үлкен ақсақалдары өтініш айтқан. Бүгін жаңа ғимаратқа ие болып отырмыз. Барлық құрал-жабдықпен жабдықталған.