ТЖМ: Жайықтың қазіргі деңгейі – 777 см

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан соңғы мәліметке тоқтала кетейік. Құтқарушылар Оралдағы саяжай алқаптарында тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

Олар қайықтың көмегімен елді мекендерге бақылау жүргізеді. Сонымен қатар бөгетті нығайту жұмыстарымен айналысады. Ведомство өкілдері: «Батыс Қазақстан облысындағы өзендер қауіпті деңгейге жеткен жоқ», – деп отыр. Жайықтың қазіргі деңгейі – 777 см. Аймақта 14 мыңға жуық адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 700-ден астамы – бала, 19-ы – мүмкіндігі шектеулі азамат. 5 мыңға жуық мал басы қауіпсіз жерге көшірілді. Ал Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында Өрел өзенінің 1 шақырым жағалауы нығайтылды. Алтай ауданында 9 шақырым арық тазартылды. 3 мыңнан астам қапқа салынған инертті материал төселді.