Оралда қосымша эвакуациялық пункттер ашылды

Орал қаласында Жайық өзенінің деңгейі қауіпті межеге жақындады.

Бүгін түсте 832 сантиметрге жетті. Су басу қаупі бар Курени, Коминтерн, Самал, Жас натуралистер стансасы аудандары мен Елизаров көшесінің тұрғындарына қауіпсіз жерге көшу туралы ескертілді. Бау-бақша серіктестіктер тұрғындары үшін қосымша 3 уақытша паналау орны ашылды. 15 эвакуациялық пунктте 2300 адам орналасқан. Өңірде 1900 тұрғын үй, 3300-ге жуық саяжай учаскесін су басқан. Жайық өзені тасыған кезде Шаған өзені де көтеріліп, "Телеорталық" ауданы маңындағы саяжайларға да су жайылды. 

Рауан Құсайынов, «Қазсушар» РМК БҚОФ директоры:

- Шаған су қоймасының деңгейі 30-65-ті құрайды. Тәулігіне 35 см қосып, кеше таңертеңге Шаған су қоймасының деңгейі 30 метр 30 см болған. Кешегі күнге дейін Шаған ағысы баяу болса да Жайыққа қарата байқалған  болатын. Кеше түстен бастап, Жайық деңгейі өсуіне байланнысты Жайықтың тасқын суы Шаған өзеніне кіріп, жоғары жаққа аға бастады.